jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ішкі істер министрі Жетісу облысы ПД бастығын қызметінен босатты

    Ержан Сәденов Жетісу облысында
    Ержан Сәденов Жетісу облысында. Фото: ІІМ

    Жетісу облысына барған ІІМ басшысы Ержан Саденов Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты қабылданған шешімді айтты, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасы.

    Ведомство мәліметінше, Талдықорғанда болған соңғы резонанстық оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына барды.

    Ведомство басшысы өзінің сапары аясында өңір полициясының жеке құрамымен және ІІО ардагерлерімен кездесу өткізді. Отырысқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысты.

    "Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң бәріне ортақ", - деді министр Ержан Саденов.

    Кездесуде министр облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановты қызметінен босатты.

    Оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке ескерту берілді.

    Облыстық департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабек пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов те өз қызметінен босатылды.

    Жетісу облысы ПД бастығының міндетін енді полиция генерал-майоры Арман Саданов атқаратын болады. Бұған дейін ол ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған.

    Ішкі істер министрі Жетісу облысы ПД бастығын қызметінен босатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.