jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Мусин: Қазақстанда барлық бюрократиялық мәселені шешу үшін ChatGPT енгізіледі

    ChatGPT
    ChatGPT. Көрнекі фото: pexels.com

    Бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму министрлігінің басшысы Бағдат Мусин Қазақстанда ChatGPT баламасы - жасанды интеллект чатының енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Кей қызметтерді цифрлық форматта да алу қиын. Мәселен, қазір әр пайдаланушы электрондық қолтаңба алу, оны компьютерге орнату немесе парольді жоғалтып алу сияқты қиындықтарға тап болады.

    Сондықтан ең алдымен қызметтерді смартфонға немесе проактивті форматқа көшіру, сұраныстарды тек биометрика немесе QR арқылы растау барлық салада енгізіледі.

    Екіншіден, азаматтардың талаптарын тез және тиімді орындау үшін ChatGPT сияқты жасанды интеллект технологиясын енгіземіз", - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

    Оның айтуынша, бұл азаматтардың құжаттарын тәулік бойы өңдеуге, жалпы барлық сұрақ пен қызмет бойынша чатта жауап алуға мүмкіндік береді екен.

    Мусин: Қазақстанда барлық бюрократиялық мәселені шешу үшін ChatGPT енгізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.