jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Әділет министрі 150 мың қол жинаған тұрмыстық зорлыққа қарсы петицияға қатысты пікір білдірді

    Зорлық-зомбылық
    Зорлық-зомбылық. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Әділет министрі мәжіліс кулуарында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы 150 мың қол жинаған петицияға қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, жаңа заңның шығуына байланысты петицияның заңды күші жоқ әрі жарамсыз, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Журналистер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петицияға бүгінде 150 мың қазақстандық қол қойғанын атап өтті.

    Бұған дейін президент "Онлайн-петициялар туралы" жаңа заңға қол қойған болатын. Оған сәйкес, петициялар тиісті онлайн-платформада жариялануы керек. Осыған байланысты журналистер әділет министрі Азамат Есқараевқа бұл петицияның заңды күші бар ма деген сауал қойды.

    "Оның заңды күші жоқ, өйткені бұл платформа заңға енгізілмеген", – деп жауап берді Есқараев.

    Әділет министрінің айтуынша, жаңа платформа негізінде петицияны қайтадан бастауға болады.

    "Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз: заңға бағынуымыз керек деп ойлаймын, ал заң қабылданып, күшіне енді. Оның негізінде жаңа онлайн платформа әзірленіп жатыр, соның негізінде ғана тиісті петиция жарияланып, жолдануы қажет. Тек тиісті жаңа платформада нақты бір петиция дайындау қажет", – деді министр.

    Есқараевтың сөзіне сенсек, уәкілетті орган тиісті платформаны әзірлеп жатыр.

    "Егер қоғам бұл мәселені қайта көтеріп, қол жинауды жөн көрсе, біз оны заң аясында қарауға міндеттіміз", – деп қосты әділет министрі.

    Әділет министрі 150 мың қол жинаған тұрмыстық зорлыққа қарсы петицияға қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.