jitsu gif
Саясат

    "Мен үшін қастерлі мереке емес": Тоқаев 2024 жылды қалай қарсы алды

    Шырша
    Шырша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында 2024 жылды қалай қарсы алдыңыз деген сұраққа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Жаңа жыл – әрине, күнтізбе­нің жаңа парағын ашатын маңызды меже. Осы сәтте өткен жылды қоры­тын­ды­лап, келешекке жоспар құру әдетке айналған. Бір жағынан, Жаңа жыл мен үшін қастерлі мереке емес. Оның үстіне, өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы.

    Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін.

    Сөз соңында барша халқымызға бақ-береке тілеймін! Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қастерлі Қазақстанымыз өсіп-өркендей берсін!", - деді президент.

    "Мен үшін қастерлі мереке емес": Тоқаев 2024 жылды қалай қарсы алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.