jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Уәли 2026 жылы Тоқаевтың өкілеттігі аяқталады деген қауесетті теріске шығарды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігінің аяқталу мерзімі туралы қауесетті жоққа шығарды. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы Telegram арнасында хабарлады.

    Телеарна ақпаратынша, бүгін бірқатар шетелдік БАҚ Тоқаевтың өкілеттігі 2026 жылы аяқталатынын атап өтті. Президент кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли осыған қатысты түсініктеме беріп, мәліметті теріске шығарды.

    "Біздегі нақты жағдаймен таныс емес кейбір журналистің арасында түсінбеушілік туындаған. Шын мәнінде, Мемлекет басшысы "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатында Конституцияны өзгерту және келесі сайлауға қатысу мақсатында 2026 жылы референдум дайындау туралы болжамдарды жоққа шығарды.

    Президент 2022 жылдың қарашасында жеті жылдық мерзімге сайланғаны белгілі. Конституцияға сәйкес, оның өкілеттігі 2029 жылдың қарашасында аяқталады.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұған дейін президенттік өкілеттіктерді жеті жылдық мерзімге шектеуді ұсынды", - деді Уәли.

    Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне ауқымды сұхбат беріп, 2026 жылы тағы да президент сайлауына түседі деген қауесетке пікір білдірген болатын.

    Уәли 2026 жылы Тоқаевтың өкілеттігі аяқталады деген қауесетті теріске шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.