jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Жоғарғы соттың төрт судьясы қызметінен босатылды

    судья
    Судья. Көрнекі фото: Boonchai Wedmakawand / Getty Images

    Сенат депутаттары палатаның жалпы отырысында Жоғарғы соттың төрт судьясын қызметінен босатты деп, хабарлайды Kazinform.

    Агенттік мәліметінше, Жоғарғы соттың судьялары Ербол Исмаиловты, Ақылтай Қасымовты, Альфия Савинованы, Айгүл Сапарованы қызметінен босату ұсынысы бұған дейін сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне келіп түскен.

    Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп аталған судьялардың неліктен қызметінен кетіп жатқанын баяндады.

    "Альфия Савинова мен Айгүл Сапарова зейнет жасына жетті. Судья Ақылтай Қасымов судья лауазымында болудың шекті жасы – 67-ге жетіп отыр. Бәрінің судьялық жұмыста үлкен тәжірибесі, 26 жылдан 40 жылға дейін еңбек өтілі бар.

    Судья Еобол Исмаилов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы болып тағайындалды", - деді ол.

    Сенаторлар комитет ұсынысын мақұлдап, Жоғары соттың судьяларын қызметінен босатты.

    Жоғарғы соттың төрт судьясы қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.