jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы министр болды

    Магомед Даудов пен Ахмат Қадыров
    Магомед Даудов пен Ахмат Қадыров. Фото: t.me/MDaudov_95

    Рамзан Қадыровтың кенже ұлы Ахмат Қадыров орден тағынып, жоғары лауазымды қызметке тағайындалды - Шешенстан басшысының 18 жастағы ұлы Республиканың жастар ісі жөніндегі министрі болды. Бұл туралы Шешенстан парламентінің төрағасы Магомед Даудов құттықтап, жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Шешен саясаткері өзінің Telegram-арнасында жазба жариялады.

    "Менің қымбатты жиенім Шешенстан республикасының жастар ісі жөніндегі министрі Ахмат Қадыровты Қадыров орденімен құттықтаймын! Мен оған бүгін "Техноспорт первых" спорт фестивалінің ашылу салтанатында Шешенстан республикасының ең жоғары наградасын табыстауға қуаныштымын", - деп жазды Даудов.

    Айта кетейік, 2023 жылдың қараша айында Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы Шешенстанның дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты жөніндегі министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Сол айда Ахмат Қадыров 18 жасқа толған.

    Ол осыған дейін бірнеше орден де алған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.