jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Қала әкімдігінің ғимаратын да су басты": Орал басшысына қатаң сөгіс жарияланды

    Миржан  Сатқанов
    Миржан Сатқанов. Фото: Орал қаласы әкімдігінің ресми сайты

    Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановқа қала әкімдігінің ғимаратын су басып қалғаннан кейін қатаң сөгіс жарияланды. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі облыстық жедел штабтың отырысын өткізді. Онда қала және аудан әкімдері су тасқынына қарсы іс-қимыл бойынша жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

    Жиын барысында Нариман Төреғалиев Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жариялады.

    "Сіз су тасқынына дайын болмадыңыз. Тіпті қалалық әкімдіктің ғимаратын да су басты. Мұның бәрі жауапсыздықты көрсетеді. Кеше-бүгін қаланы аралап шықтым, кейбір ықшамаудандарда жұмыс енді басталып жатты. Орал қаласының әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режімде жұмыс істеуі керек. Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстау керек", – деді аймақ басшысы.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Орал қаласының әкімдігін еріген қар суы басып, ғимараттың төменгі қабаты су астында қалғанын жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.