jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев қазақстандықтардан кешірім сұрады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайға байланысты өткен шұғыл кеңес барысында үкімет пен әкімдердің жұмысын немқұрайлы және кәсіби міндетіне сәйкес келмейді деп сынға алып, қазақстандықтардан кешірім сұрады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысының сөзінше, үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арасында жүйелі байланыс болмаған.

    "Президент зардап шеккен өңірлер тұрғындарына үлкен көлемде шығын келуіне байланысты өкініш білдірді. Мемлекет басшысы қалыптасқан жағдайға байланысты кешірім сұрап, барлық азаматқа көмек көрсетілетінін айтты", - делінген ресми хабарламада.

    Айта кетейік, бүгін 30 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізді. Президент оның барысында Роман Склярға, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке және бірқатар өңірдің әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.