Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми парақшасында хабарлады.
Ақорда хабарына қарағанда, сапар барысында президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2078843-toqaev-batys-qazaqstan-oblysyna-zumys-saparymen-keldi/