jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Премьер-министр Астана әкімін мақтады

    Жеңіс Қасымбек
    Жеңіс Қасымбек. Фото: t.me/KZgovernment

    Бүгін министрлер кабинетінің отырысында премьер-министр Олжас Бектенов елордадағы баспана мәселесінің шешіліп жатқанына байланысты Астана әкімі Жеңіс Қасымбекті мақтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін үкіметте Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы мәселесі талқыланды. Бектенов министрлер кабинетінің отырысында Астанадағы тұрғын үй мәселесі оң шешімін тауып жатқанын тілге тиек етті.

    "Астанада бұл мәселе бойынша жақсы қарқынмен жұмыстар атқарылып отыр, сондықтан осы бағыттан таймай, барлық мәселені тез арада шешу керек, бұл жұмысты әкімдік жақсы атқарып жатыр", – деді премьер-министр.

    Өнеркәсіп құрылыс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы бес жылда тұрғын үй құрылысына 12 триллион теңгеден астам инвестиция тартылып, шамамен 78,5 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілген.

    "Барлық қаржыландыру көзін ескерсек, 695 мың отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартқан, 2030 жылға қарай барлық қаржы көзін пайдалана отырып, 111 миллион шаршы метр тұрғын үй салу және 1 миллионнан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

    Үкімет 2024 жылғы экономиканың өсімін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі жоспарларды іске асыру үшін азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданып, құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген тұрғын үйлер саны 15,5-тен 18 миллион шаршы метрге дейін ұлғайтылған", - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

    Премьер-министр Астана әкімін мақтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.