jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Балық деген не": депутат пен шенеуніктің диалогы мәжілістегілерді күлдірді

    Бақытжан Базарбек
    Бақытжан Базарбек. Видеодан кадр: youtube.com/@mazhilis_kz

    Бүгін Мәжіліс отырысында балық шаруашылығын субсидиялауға қатысты заң жобасы қаралған кезде депутат Бақытжан Базарбек "балық деген не" деп сұрақ қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Мәжіліс отырысында "Марракеш келісіміне түзетулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" келісім талқыланды.

    "Өте маңызды келісім және мен оны қолдаймын, бірақ менің қысқаша сұрағым бар – бұл келісімнің 2-бабына сәйкес, балық дегеніміз не? Балық теңізде өмір сүретін барлық жәндік. Сіздің министрлік "Аквакультура" заң жобасымен кірді. Балыққа балық қана кірген. Мына келісімшарт бойынша теңізде өмір сүретіндердің бәрі балық, бәрін солай есептеп жіберген. Сіздердің енгізген заң жобаларыңыз бойынша олар балық болып есептелмейді. Қайсы балық, қайсы балық емес", - деп сұрады депутат.

    Мәжіліс залында кейбір депутаттардың күлкісі естілді.

    Бұл сауалға ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов жауап берді.

    "Сұрақ өте жақсы және қызық. Терминологияға тоқталмай-ақ, біздің заң жобасында сіз айтқандай, балық деген – балық", - деп жауап берді вице-министр.

    Бұл жауаптан кейін мәжіліс залындағылар тағы да күлген.

    "Халықаралық келісімде сәл басқаша (...) Біздіңше, "Балық" деген ұғымға басқа да теңіз жануарлары кіреді. Бірақ біздің заң бойынша, балық деген – балық", - деді Бекбауов.

    "Балық деген не": депутат пен шенеуніктің диалогы мәжілістегілерді күлдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.