jitsu gif
Саясат

    Ақорда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірге түскен фотосын жариялады

    ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары
    ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Ақорда мемлекет басшыларының бірге түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр.

    ШЫҰ саммитіне қатысу үшін ұйымға мүше-мемлекеттер басшыларының Тәуелсіздік сарайына келген сәті де көрсетілді.

    Президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев келген қонақтарды қалай қарсы алғанын көрсетіп, сондай-ақ елдер басшыларының бірге түскен фотосын жариялады.

    Айта кетейік, бүгін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Беларусь Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына қабылдану туралы құжатқа ресми түрде қол қойған.

    Осылайша ұйымға ресми түрде 10 мемлекет мүше болды: Қазақстан, Қытай, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан, Иран және Пәкістан.

    Сонымен қатар 2 ел ШЫҰ-да бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие, тағы 14 мемлекет ШЫҰ диалогы бойынша серіктес болып саналады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.