jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістанда "Достық үйі" қашан ашылатыны белгілі болды

    Достық үйі
    Достық үйі. Фото: Түркістан ӨКҚ

    Түркістанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес "Достық үйі" ғимараты салынып, аяқталуға жақын. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа үлгідегі "Достық үйі" ғимаратының жалпы алаңы – 3912,29 шаршы метр. Жаңа ғимараттың құрылысы биыл күзде толық аяқталады деп жоспарланған.

    ӨКҚ мәліметіне сүйенсек, жоба бойынша ғимарат төрт қабаттан тұрады және құрамында мәжіліс залы, этнос өкілдерінің орталықтары орналасады. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне байланысты тақырыптық ішкі әрлеу жүргізіліп, қажетті экспонаттар қойылмақ.

    Сондай-ақ облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы "Жаңа қала" аумағында салынып жатқан "Жайлы мектептің" құрылысын қадағалады. Бұл білім ұясы биыл күзде тапсырылады деп жоспарланған. Нысанда құрылыс қарқынды жүруде. Өңір басшысы жауапты мекемелер мен мердігер компания басшылығына жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды. Бұл білім ұясында оқушылар мен ұстаздарға өте қолайлы жағдай жасалмақ. Стадион маңында орналасқан мектептің сапасы жоғары деңгейде болады деп күтіліп отыр.

    Айта кетейік, Түркістан облысында екі жылда 63 "Жайлы мектеп" салынады. Оның 29-ы биыл тапсырылады деп жоспарланған.

    Түркістанда "Достық үйі" қашан ашылатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.