jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Дүйсенова Тоқаевқа ауыр тұрмыстық жағдайдағы отбасыларға көмек беру шаралары туралы айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Тамар Дүйсенова
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Тамар Дүйсенова. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованы қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақораданың ресми сайтында жарияланған ақапрат бойынша, мемлекет басшысына әлеуметтік саланы қаржыландырудың жаңа әдістері таныстырылды.

    "Бұл тәсілдер бөлінген қаржының шын мұқтаж жандарға жетуін, мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығын, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Тамара Дүйсенова әлеуметтік салаға 14,5 триллион теңге бөлінгенін жеткізді. Бұл жалпы мемлекеттік бюджеттің 60 пайызына тең", - делінген ресми хабарламада.

    Президентке Отбасының цифрлық картасы арқылы көрсетілетін қызметтер азаматтардың әлеуметтік санатына қарай дербес ұсынылатыны туралы баяндалды.

    Премьер-министрдің орынбасары бүгінде әлеуметтік саланы цифрландырудың деңгейі қызмет алушыларды және оларға көрсетілген қызмет көлемін анықтап қана қоймай, мемлекеттік қолдау шараларының құрылымына түзету енгізуге мүмкіндік беретінін айтты. Ауыр тұрмыстық жағдайдағы отбасыларға арналған ұтымды әрі тиімді көмек шаралары әзірленеді.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа білім беру, медициналық көмек сапасын арттыру және әлеуметтік нысандар құрылысы мен ауыл тұрғындарын қолдау бойынша үкімет тарапынан қолға алынған жобалар жайында мәлімет берілді.

    Мемлекет басшысы қабылданған шаралардың маңызын атап өтіп, аталған ұсыныстарды қолдады. Сондай-ақ бұған дейін басталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

    Дүйсенова Тоқаевқа ауыр тұрмыстық жағдайдағы отбасыларға көмек беру шаралары туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.