"Жоғары технология қолданылса, қолдаймыз": экология министрі АЭС туралы айтты
Опубликовано:
Экология министрі Ерлан Нысанбаев атом электр станциясының қоршаған ортаға ықтимал зияны туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Министрдің сөзінше, ол АЭС-ті қолдайды. Жоғары технология қолдансақ, зияны азырақ болады деп отыр.
"Экологиялық жағынан жоғары тиімділікке ие технологиялар қолданылса, біз АЭС-ті қолдаймыз. Біз әлемде мұндай технологиялардың бар екенін білеміз. Қоғам осы бастаманы қолдайтын болса, өз компетенциямыз шеңберінде ол жобаны егжей-тегжейлі қарастыратын боламыз", - деді ол.
Журналистер министрден "АЭС-тің Балхаш көліне әсерін зерттеп көрдіңіз бе?" деп сұрады.
"Балхашқа қатысты айтатын болсақ, бұл Су ресурстары министрлігінің құзыретінде", - деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда АЭС бойынша референдум өткізілетінін, оған 15,5 млрд теңге жұмсалатынын жазған едік. Мұны Орталық сайлау комиссиясы мүшесі мәлімдеген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2162898-zhogary-tehnologiia-qoldanylsa-biz-aes-ti-qoldaimyz-ekologiia-ministri-aes-turaly-aitty/