jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қазақстан президентінің архиві толығымен Астанаға көшеді

    Қазақстан президенті арфиві ғимараты
    Архив ғимараты. Фото: archive.president.kz/

    Қазақстан президентінің архиві Алматыдан Астанаға көшеді. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Kazinform.

    Желілік басылым мәліметінше, "Қазақстан Республикасы президентінің архиві" республикалық мемлекеттік мекемесін көшіру келесі жылдың 1 наурызына дейін аяқталуға тиіс.

    Бұдан бөлек, жарлыққа сәйкес, мекеме штаты 108-ден 168 адамға дейін өседі.

    Мемлекеттік мекеменің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, архивте 1918 жылдан бастап еліміздің саяси тарихына қатысты құжаттар сақталған. Жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық және тақырыптық сұраныстарын орындайды ("Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік қызметі), оқу залы арқылы өз қорларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.