jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Референдумнан кейін үкіметте өзгеріс бола ма: Тоқаев жауап берді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс берген соң үкіметтің жұмысына баға берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақорданың Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Президент АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс бергеннен кейін шағын баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

    БАҚ өкілдерінің бірі мемлекет басшысына "Қазақстан үкіметі қазіргі құрамда тура 7 ай жұмыс істеді. Референдумнан кейін оның құрамы өзгереді деген болжамдар айтылуда. Үкіметтің жұмысына көңіліңіз тола ма?" деген сауал жолдады.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр.

    "Мемлекет басшысы ретінде қойған міндеттерімді орындауға тырысады. Жұмысымыз өте қауырт. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына көріне бермеуі мүмкін. Ақпараттарды жан-жақтан алып отырамын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Сондықтан елдегі барлық оқиғадан әрқашан хабардармын. Министрлердің және үкіметтің жұмысында кемшін кетіп жатқан тұстар болса, әлбетте, ескертемін. Жеті ай деген көп уақыт емес. Үкімет мүшелері өздерін көрсетуі керек. Ең басты міндет – ел экономикасының дамуына серпін беретін мүмкіндіктерді іздеу", - деді Қазақстан президенті.

    Референдумнан кейін үкіметте өзгеріс бола ма: Тоқаев жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.