jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Бейбіт Исабаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді

    Бейбіт Исабаев дауыс беруде
    Бейбіт Исабаев дауыс беруде. Фото: Жеңіс Ысқабай

    Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жұбайымен бірге АЭС құрылысы мәселесі бойынша референдумда дауыс берді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Өңір басшысы Бейбіт Исабаев жұбайымен бірге Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында №389 референдум учаскесінде дауыс берді.

    Бейбіт Исабаев дауыс беруде
    Бейбіт Исабаев дауыс беруде. Фото: Жеңіс Ысқабай

    "Бүгін тарихи маңызы бар күн. Конституцияға сәйкес мен де өзімнің құқығымды пайдаланып, сайлау учаскесіне келіп, даусымды бердім. Өзімнің таңдауымды жасадым", - деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

    Дауыс берушілер
    Дауыс берушілер. Фото: Жеңіс Ысқабай

    Айта кетейік, Жетісу облысында 463 сайлау учаскесі бар, олар таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істейді. Өңірдегі сайлаушылар саны -  442 мыңнан астам.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.