jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Референдумда қанша азамат дауыс берді: алдын ала қорытынды жарияланды

    Дауыс беру жәшігі
    Дауыс беру жәшігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Орталық референдум комиссиясы атом электр станциясының (АЭС) құрылысы бойынша референдумда дауыс берушілердің келуінің алдын ала қорытындыларын жариялады. Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 7 820 918 қазақстандық немесе халықтың 63,87 пайызы дауыс берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87 пайызы бюллетень алды.

    Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:

    1. Абай облысы бойынша – 69,57%

    2. Ақмола облысы бойынша – 71,63 %

    3. Ақтөбе облысы бойынша – 75,11 %

    4. Алматы облысы бойынша – 68,71 %

    5. Атырау облысы бойынша – 63,28%

    6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,03%

    7. Жамбыл облысы бойынша – 61,28%

    8. Жетісу облысы бойынша – 68,01 %

    9. Қарағанды облысы бойынша – 72,12 %

    10. Қостанай облысы бойынша – 73,45 %

    11. Қызылорда облысы бойынша – 82,48 %

    12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,03 %

    13. Павлодар облысы бойынша – 65,09 %

    14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 66,31 %

    15. Түркістан облысы бойынша – 75,31%

    16. Ұлытау облысы бойынша – 70,69 %

    17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 73,79 %

    18. Астана қаласы бойынша – 50,81 %

    19. Алматы қаласы бойынша – 25,39 %

    20. Шымкент қаласы бойынша – 70,57%.

    Учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Учаскеде дауыстарды санау уақыты оларды санау басталғаннан кейінгі он екі сағаттан аспауға тиіс.

    Еске салайық, сағат 20:00-де АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумда дауыс беру аяқталды. Қазақстанда уақыт белдеуінің ауысуына байланысты сайлау учаскелері алғаш рет бір уақытта жабылды.

    Референдумға ұсынылған сұрақ: "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" Қазақстандықтар "иә" немесе "жоқ" деген жауапты таңдады.

    Референдумда қанша азамат дауыс берді: алдын ала қорытынды жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.