jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Украинада қанша қазақстандық бар және олар АЭС бойынша референдумда дауыс бере алды ма

    Украина туы
    Украина туы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко Орталық референдум комиссиясының кулуарында Украинадағы қазақстандықтар АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс бере алмағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Роман Василенко Украинада сайлау учаскесі өткен жылдардағыдай ашылмағанын атап өтті.

    "Ол жақта бұрынғыша 150-ге жуық Қазақстан азаматы бар, бірақ объективті себептермен олардың дауыс беруге мүмкіндігі болмады", - деп түсіндірді вице-министр.

    Осыған дейін Орталық референдум комиссиясында АЭС құрылысы бойынша шетелдегі қазақстандықтардың референдумға қатысу белсенділігі туралы мәлімет жарияланған еді.

    Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды, 7358 астам Қазақстан азаматы немесе 59,79 пайызы өз дауысын берді.

    Сондай-ақ Қазақстанда сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 7 537 675 азамат немесе халықтың 61,56 пайызы дауыс беріп үлгерген.

    Дауыс берушілердің келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 21.00-де беріледі.

    Украинада қанша қазақстандық бар және олар АЭС бойынша референдумда дауыс бере алды ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.