jitsu gif
Саясат

    Светлана Назарбаева қайтыс болды

    Светлана Назарбаева
    Светлана Назарбаева. Фото: rmebrk.kz

    Қайрата Сатыбалдыұлы мен Самат Әбіштің анасы Светлана Назарбаева 77 жасында қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ саясаттанушы Ербол Еділовке сілтеме жасап хабарлайды

    "Светлана Мырзахметқызы Назарбаева 77 жасында қайтыс болды. Қайтыс болғанына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды Еділов Telegram-дағы арнасында.

    Республикалық ЖОО аралық электронды кітапхананың сайтындағы мәлімет бойынша, Светлана Назарбаева Алматы облысы, Бөрлі-Төбе ауданы, Лепсі ауылында дүниеге келген.

    Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын филолог мамандығы бойынша бітірген, педагогика ғылымдарының кандидаты болған.

    Еңбек жолын 1970 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

    1981-1984 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №91 орта мектеп директорының орынбасары болды. 1984-2003 жылдары - №24 мектептің, кейін №130 гимназияның директоры қызметін атқарған.

    2003 жылдың қараша айынан бастап Светлана Назарбаева "Дәуір" республикалық полиграфиялық баспа кешенінің бас директоры лауазымында болған.

    Светлана Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың 1981 жылы қайтыс болған ағасы Сатыбалды Әбішұлы Назарбаевтың әйелі болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.