jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Депутат Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысын минус 5-ке бағалады

    Шыңғыс Әрінов
    Шыңғыс Әрінов. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

    Мәжіліс отырысында депутат Ажар Сағындықова Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті сынға алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сағындықова депутаттардың түрлі мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне кезең-кезеңімен баға беретінін атап өтті.

    "Бүгін мен сіздің министрлігіңіздің жұмысын бағалағым келеді. Бірақ 0-ден 5-ке дейін емес, минус 0-ден минус 5-ке дейін. Минус 5, өйткені өртте адамдар өліп жатқанда, қызметкерлеріңіз өлім құшып жатқанда, министрлік нөлдік деңгейде жұмыс істеп жатыр. Сіздердің міндеттеріңіз – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді депутат Сағындықова.

    Төтенше жағдайлар министрі бағаны қабылдағанын айтты.

    "Бірақ мен туралы айтпағанда, вице министрден бастап қатардағы жауынгерге дейін, біздің қызметкерлер, әскери қызметшілер күндіз-түні өз міндеттерін орындайды және менің ойымша, олар міндетін толық орындап жатыр. Біздегі мәселелерге қарамастан, 30 жылдық жүйеге қарамастан, олар осы майданда жеңіске жетіп жатыр, әлі де нәтиже береді. Барлық қиындыққа қарамастан, біз бәрібір нәтиже беріп жатырмыз.

    Мен мұны жігіттердің, адал қызмет ететін жауынгерлердің жеңісі деп санаймын. Сондықтан мереке қарсаңында оларға мұндай баға алу жағымды болады деп ойламаймын", - деп жауап берді Әрінов.

    Алайда депутат Сағындықова қатардағы қызметкерлердің емес, министрліктің жұмысын бағалағанын айтты. Осы ретте ол сарбаздардың нағыз батыр екенін атап өтті.

    Депутат Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысын минус 5-ке бағалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.