Саясат

Зектілері

Алматыда жер сілкінісі болуы мүмкін бе: ТЖМ басшысы жауап берді

Жарияланған күні:

Алматы қаласы
Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйі. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Мәжіліс отырысында Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Шыңғыс Әрінов депутаттарға Алматыдағы жер сілкінісі кезіндегі ескерту мен әрекет ету алгоритмі туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Менің бұйрығыммен ақпан айында министрліктер басшыларымен үлкен топ құрылды. Біз Алматыда 2 айға жуық әрбір пәтер иелері кооперативімен, меншік иелері бірлестігінің әрбір басшысымен жұмыс істедік, жер сілкінісі кезіндегі өзара іс-қимыл мен әрекет ету тәртібін пысықтадық. Көп нәрсе алғашқы қадамдарға байланысты болады.

Жер сілкінісін әлі ешкім болжап көрген жоқ, жер сілкінісінің нақты болжамы да жоқ. Тиісінше, жер сілкінісі болған жағдайда біздің жергілікті пәтер иелері кооперативімен, меншік иелері бірлестігі бізбен бірге әрекет етіп, көмектесіп, халықты эвакуациялау пункттеріне бағыттауы керек", - деді Әрінов.

Ол жер сілкінісі болған жағдайда жұмысты ұйымдастыруға көмектесетін әскери қызметкерлер мен ТЖМ қызметкерлері болады деп қоса кетті.

Еске салсақ, бұған дейін Ажар Сағындықова Депутат Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысын минус 5-ке бағалаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2178438-almatyda-zher-silkinisi-boluy-mumkin-be-tzhm-basshysy-zhauap-berdi/