jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Астанадағы төрт баланың өлімі: әкім зардап шеккен жанұяларға көмек көрсетіле ме деген сұраққа жауап берді

    Өрт болған жер
    Оқиға орны. Фото: Астана ТЖД

    Бүгін кәсіпкерлермен кездескеннен кейін журналистер сұрағына жауап берген Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өрт салдарынан балалары қаза тапқан отбасыларға көмек көрсету туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мәселе қаралып жатыр, шешімін табамыз. Екінші отбасына уақытша жатақхана берілді, алдағы уақытта біз бұл отбасымен қосымша жұмыс істейміз.

    Қазіргі уақытта олардың баспана мәселесі шешілуде. Өртенген үй коттедж болатын, оны екі отбасы жалдап тұрып жатқан, - деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

    Айта кетейік, бұған дейін Астанада жекеменшік үйдегі өрттен төрт бала қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Олардың жасы 2-ден 13 жасқа дейін болған — 2011, 2015, 2021 және 2022 жылдары туған.

    Елорда әкімдігі төрт бала қаза тапқан өрт оқиғасынан зардап шеккен отбасыларға тиісті көмек көрсетілетінін хабарлады.

    Кейін Астана қалалық ТЖД 4 бала қаза тапқан өрт оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.