jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Жемқорды ұстайсың, ол құтылып кетеді": Қырғызстан ҰҚМК басшысы жаңа заңды таныстырды

    Қамшыбек Тәшиев
    Қамшыбек Тәшиев. Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

    Жогорку Кеңештің бейсенбідегі отырысында Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Тәшиев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы жаңа заң жобасын таныстырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24.kg Telegram-арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Жогорку Кеңештің бейсенбідегі отырысында Қамшыбек Тәшиев жақында арнайы қызметтер бес медицина қызметкерін ұстағанын айтты.

    "Бізден оларды босатуды сұрады, өйткені олардың ота жасауы қажет екен. Қатаң бірақ әділ шешім қабылдау керек. Жемқорлықпен күресіп жүргеніме бес жыл болды. Шынымды айтсам, шаршадым. Жемқорды ұстайсың, ал ол сот шешімімен ақша төлейді де, құтылып кетеді. Сот жүйесі, прокуратура немесе құқық қорғау органдарынан бір де бір адамды түрмеге отырғыза алмадық", - дейді Қамшыбек Тәшиев.

    Айта кетейік, заң жобасы жақын туысы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп танылған, күйеуі (әйелі) жемқорлық жасады деп айыпталғандарды әскери қызметке, құқық қорғау органдарына немесе сот жүйесіне жұмысқа алмауды қарастырады. Сыбайласқан жемқорлыққа қатысы бар қылмыс жасағандар ешқашан мемлекеттік және жергілікті қызметтерге орналаса алмайды.

    "Енді олар жазаның ең болмаса жартысын түрмеде өткізеді. Пара алғаны дәлелденген шенеуніктер міндетті түрде түрмеге түседі. Мұндай жазадан ешкім қашып құтылмауға тиіс", - деп мәлімдеген Тәшиев.

    "Жемқорды ұстайсың, ол құтылып кетеді": Қырғызстан ҰҚМК басшысы жаңа заңды таныстырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.