jitsu gif
Саясат

    Жамбыл облысында газ жетпеген жалғыз аудан тұрғындарының тілеуі қашан орындалады: облыс әкімі жауап берді

    Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев
    Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев. Фото: ortcom.kz

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі жалғыз көгілдір отын бармаған Мойынқұм ауданын газдандыру қашан басталатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Брифинг барысында журналистердің бірі өңір басшысынан Мойынқұм ауданының үйлеріне газ кіріп, тұрғындардың тілеуі қашан орындалатынын сұрады.

    "Мойынқұм ауданы Жамбыл облысындағы газ жетпеген ең соңғы аудан. Осыған байланысты 16 млрд теңгені құрайтын жоба дайындалды. Бұл аз ақша емес. Осы жылы алғашқы 2,5 млрд теңгеге жұмысты бастап кеттік. Келесі жылы да республикалық бюджеттен ауқымды қаражат бөлінеді. Мәселе шешілетініне сенімдімін", - деп жауап берді Ербол Қарашөкеев.

    Әкімнің айтуынша, қазіргі кезде ауданда газ құбырларын жүргізу жұмыстары басталып кеткен. Ол бірер жылда аудан аумағының елді мекендерінің тұрғындары көгілдір отын жағу мүмкіндігіне ие болады деп сендірді.

    Жамбыл облысында газ жетпеген жалғыз аудан тұрғындарының тілеуі қашан орындалады: облыс әкімі жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.