jitsu gif
Саясат

    Ербол Қарашөкеев Тараз қаласын екі ауданға бөлу туралы шешімге қатысты пікір білдірді

    Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев
    Фото: ortcom.kz

    Тараз қаласы алдағы уақытта екі ауданға бөлінеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Өңір басшысының айтуынша, қаланы екі ауданға бөлгеннен кейін көне шаһардағы әлеуметтік мәселелерді шешу де жеңілдей түседі.

    "Халықтың саны 400 мыңнан асатын болса, облыстық орталықта екі аудан құрылуы керек, ол заң талабы. Қазір Тараз қаласында 430 мыңнан астам тұрғын бар. Тараз қаласын екі ауданға бөлу туралы жақында Үкіметтің қаулысы қабылданды, мәслихатпен бірлескен шешім шығарып, екі ауданға бөлеміз" - деді Ербол Қарашөкеев.

    Спикер Алматыда сегіз аудан, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында екі ауданнан бар екенін еске салып, бұл шешім болашақта мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға септігін тигізетінін айтты.

    Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев өңірдегі жалғыз көгілдір отын бармаған Мойынқұм ауданын газдандыру қашан басталатынын айтты.

    Ербол Қарашөкеев Тараз қаласын екі ауданға бөлу туралы шешімге қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.