jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Ақтөбе облысына барды (фото, видео)

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына келді
    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына келді: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өндірістік кәсіпорынды аралап көреді.

    Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады.

    Айта кетейік, биылғы қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барған болатын. Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарын аралап көрді. Сондай-ақ бірқатар кәсіпорынға барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысты.

    Сонымен қатар қыркүйек айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына ресми сапармен барды.

    Ақтөбе қаласы
    Ақтөбе қаласы. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Тоқаев Ақтөбе облысына барды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.