Қазақстан мен Қытай арасындағы автомобиль өткізу бекеттері екі күнге жабылады
Жарияланған күні:

16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері арқылы адамдар, көліктер және жүктер өткізілмейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылар мен басқа да мүдделі тараптарды қысқы кезеңдегі ауа райы жағдайлары мен автожолдардағы қозғалысқа шектеулер енгізіледі.
"Әдетте, қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты, әсіресе қазақстан-қытай шекарасында, автомобиль өткізу пункттерінің өткізу мүмкіндігінің төмендеуі мүмкін. Бұл өңірде төмен температуралар мен қатты желдерге байланысты қытай тарапының белсенділігі азаюы ықтимал.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге сәйкес, екі елдің мерекелік күндерінде өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады", - делінген хабарда.
Комитет ақпаратынша, Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 16-17 желтоқсан аралығында қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
"Осыған байланысты комитет тасымалдаушыларға маршруттарды алдын ала түзетіп, өткізу пункттері жұмысының кестесіндегі ықтимал өзгерістерді ескеруді ұсынады.
Комитет өткізу пункттері жұмысының өзгеруіне жедел ден қою және тасымалдаушыларды уақытылы хабардар ету үшін көрші елдердің құзырлы органдарымен белсенді ынтымақтастық жасауда. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2199809-qazaqstan-men-qytai-arasyndagy-avtomobil-otkizu-beketteri-eki-kunge-zhabylady/