Ерлан Қарин: Кез келген жұртқа рухани азаттық пен мәдени дербестік ауадай қажет
Жарияланған күні:

Ерлан Қарин Қазақстан Жазушылар Одағының құрылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мемлекеттік кеңесші жиын барысында сөз сөйлеп, өркениет пен мәдениет саласына, соның ішінде ақын-жазушылардың қоғамдағы рөліне тоқталды.
"Кез келген жұртқа рухани азаттық пен мәдени дербестік ауадай қажет. Әлем халқы кімнің кім екенін әдебиеті мен мәдениетіне қарап таниды", - деді Ерлан Қарин.
Мемлекеттік кеңесші ұлттық құндылықтарды да сөз етті.
"Мемлекет басшысы елімізге бағдар болатын негізгі құндылықтарды жүйелеп берді. Басты мақсат – ұлттық ерекшелігімізді сақтай отырып, жаңа құндылықтарды орнықтыру. Отаншылдық, білімпаздық, еңбекқорлық, әділдік, жауапкершілік сияқты қасиеттерді ұрпақ бойына сіңіре білсек, ұпайымыз түгел болары анық", - деді Ерлан Қарин.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2200173-erlan-qarin-kez-kelgen-zhurtqa-ruhani-azattyq-pen-madeni-derbestik-auadai-qazhet/