jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстау әкімі облыс тұрғындарын түнгі сағат үшке дейін қабылдады

    Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаев
    Нұрдәулет Қилыбаев. Видеодан алынған кадр: instagram.com/mangystau_oblysynyn_akimdigi

    Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесуінен кейін түнгі сағат үшке дейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Өңір әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс әкімі жеке қабылдауын мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініштерін тыңдаумен бастады. Олар қалада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы орта қалыптастыруды сұрап, жеке мәселелерін де әкімге жеткізді.

    "Қабылдауға үйінің шатыры мен жертөлесінде, подъездері мен ауласында мәселе туындаған тұрғындар келіп, өңір басшысынан көмек сұрады. Нұрдәулет Қилыбай коммуналдық саладағы ақауларды сол сәтте қалпына келтіру үшін жауапты азаматтарды, басқарма басшыларын тұрғындардың үйлеріне жіберді", - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

    Өңір басшысының қабылдауына 150-ден аса тұрғын келіп, өз өтініштерін жеткізген.

    "Халықтың басым бөлігі еңбек дауы, жұмыссыздық, үлескерлердің құқықтарын қорғау, тұрғын үй мәселелері, жылумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласы және туристік бағыттарды дамыту сынды тақырыптарды көтерді", - делінген хабарда.

    Облыс әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, барлық мәселелерді заң шеңберінде шешу үшін тиісті құқық қорғау органдары мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді, деп хабарлады Маңғыс облысының әкімдігі.

    Маңғыстау әкімі облыс тұрғындарын түнгі сағат үшке дейін қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.