jitsu gif
Саясат

    "Тараз – қауіпсіз қала" жобасы тиімділігін көрсетті

    "Тараз – қауіпсіз қала" жобасы бойынша кеңес
    Фото: Тараз қаласының әкімдігі

    Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен "Тараз – қауіпсіз қала" жобасының орындалуын талқылау бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Тараз қаласының әкімдігі хабарлады.

    Басқосуда әуелі Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков сөз алып, аталмыш жоба аясында атқарылған ілкімді істерге кеңінен тоқталды.

    Фото: Тараз қаласының әкімдігі

    "Сегіз бөлім, 65 тармақтан тұратын "Тараз – қауіпсіз қала" жобасы бүгінде өз нәтижесі мен тиімділігін көрсетті. Қаланың түрлі саласындағы маңызды проблемаларды ескере отырып жобада 7 индикатор белгіленген болатын. Ағымдағы жылы жобада көзделген 7 индикатордың 4-еуіне толығымен қол жеткізілді. Алайда, бірқатар кемшіліктердің салдарынан 3 индикатор орындалған жоқ. Бүгінге күнге кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Дегенмен жоба қабылданған 2 жылдың бедерінде шаһарда қылмыстың едәуір төмендегенін байқауға болады. Осы ретте жемісті жобаның халық арасында кең қолдау тапқанын айрықша атап өткен абзал", - деген Бақытжан Әмірбекұлы осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру мақсатында аталмыш жобаны келесі кезеңге бекітуді ұсынды.

    Фото: Тараз қаласының әкімдігі

    Келесі кезекте Тараз қаласының прокуроры Нұржан Боранбаев пен қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай жобаның тиімділігі туралы орамды ойларын ортаға салды.

    Фото: Тараз қаласының әкімдігі

    Фото: Тараз қаласының әкімдігі

    Кеңесті қорытындылаған Нұрғалым Мәжитұлы жобаны жандандыру бағытында ақпараттық-насихаттық жұмыстарды күшейту керектігін қадап айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.