jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ляззат Салимова
    Ляззат Салимова
    Бұрынғы қызметкер

    "Өзіме ыңғайлы": Астана әкімі уақыт белдеуіне қатысты ойын айтты

    Жеңіс Қасымбек
    Фото: ortcom.kz

    Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді. Ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында уақыттың бір сағатқа алға жылжуынан ешқандай өзгеріс байқамағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Брифинг барысында Жеңіс Қасымбек портал тілшісінің уақыттың алға жылжуы әкімнің қызмет барсында қаншалықты кедергі келтіргені туралы сұрағына жауап берді.

    "Мысалы, маған ыңғайлы. Мен таңғы 07.00-ден кешкі 21.00-ге дейін жұмыстамын. Сондықтан менде ешқандай өзгеріс жоқ.

    Біз ай сайын қаладағы аудан тұрғындарымен кездесу ұйымдастырып тұрамыз. Ол жерде жүздеген сұрақ қойылады. Бірақ уақыт белдеуіне қатысты мәселені бірен-саран адам ғана айтады"- деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.

    Айта кетейік, премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында табиғи уақыттың азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына оң әсері ғылыми дәлелденгенін айтты.

    "Өзіме ыңғайлы": Астана әкімі уақыт белдеуіне қатысты ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.