jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ляззат Салимова
    Ляззат Салимова
    Бұрынғы қызметкер

    "Көп ақша емес": елорда әкімі қаланы жаңажылдық безендіруге жұмсалған қаржы туралы пікір білдірді

    Астанадағы бас шырша
    Фото: KAZ.NUR.KZ/Ләззат Салимова

    Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек брифингте қаланы жаңажылдық безендіруге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Биыл Астана қаласын Жаңа жыл қарсаңында безендіруге бюджеттен 700 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Әлеуметтік желіде халық неліктен жыл сайын қаланы безендіруге сонша көп қаржы бөлінетінін, былтырғы жылғы шамдар мен жылтырақтар неліктен пайдаланылмайтынын айтып, жағымсыз пікірлер қалдыруда. Осы мәселеге қатысты портал тілшісінің сұрағына елорда әкімі жауап берді.

    "Былтыр да, биыл да қаланы жаңажылдық безендіруге бірдей көлемде қаражат бөлінді. Осы жолы 697 миллион теңге қаралды. 30-ға жуық алаңдар абаттандырылды. Астана Арена алаңында шыршаның жағылуына байланысты ұйымдастырылған шараға 15 мыңдай халық қатысты, демалды. Күн сайын сол жерде тұрғындар уақыт өткізуде. Сондықтан халықтың көңіл күйін көтеру үшін бұл ақша көп деп есептемеймін", - деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.

    Айта кетейік, бұған қоса қала басшысы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында уақыт белдеуіне қатысты пікір білдіріп, уақыттың бір сағатқа алға жылжуынан ешқандай өзгеріс байқамағанын айтты.

    "Көп ақша емес": елорда әкімі қаланы жаңажылдық безендіруге жұмсалған қаржы туралы пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.