jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қостанайда ауылшаруашылығы мамандары неге бір жылға жуық жалақы алмаған: әкім жауап берді

    Құмар Ақсақалов
    Фото: ortcom.kz

    Қостанай облысында "Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының" жұмысшылары бір жылға жуық жалақысыз отырған. Бұл жайтқа Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифинг барысында портал тілшісі Қостанай облысы әкімінен "Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының" жалақысын ала алмай отырған жұмысшыларының жағдайын сұрады.

    "Өкінішке қарай, осындай жағдайлар бар. Бұл факт. Компанияның бүгінгі күні жалақы бойынша 150 миллион теңге берешегі бар. "Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының" басшысы жұмыстан шығарылды. Ауыл шаруашылығы министрімен, вице-министрімен келіссөздер жүргізілді. Шешімді сол кісілер қабылдайды", - деп жауап берді Құмар Ақсақалов.

    "Әкім он ай бойы жалақысыз отырған тұрғындармен кездесті ме?" деген тілші сауалына өңір басшысы "Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" әкімдікке қарамайтынын, жуырда Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілі келіп жұмысшылармен кездесу өткізгенін алға тартты.

    Айта кетейік, Қостанай облысындағы "Заречное" ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" ЖШС-нің 200-дей жұмысшысы 10 ай жалақы алмаған. Кейбірінің қарызы үшін газы мен жарығын өшіріп тастады. Аудан әкімдігі де бұл мәселені жоғары жаққа қанша айтқанмен шеше алмаған.

    Қостанайда ауылшаруашылығы мамандары неге бір жылға жуық жалақы алмаған: әкім жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.