Саясат

Зектілері

Шымкент әкімі аппарат мәжілісінде мереке күндеріне қатысты бірқатар тапсырма берді

Жарияланған күні:

Ғабит Сыздықбеков
Ғабит Сыздықбеков. Фото: otyrar.kz

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өзекті мәселелер қаралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, қала басшысы аппараттық мәжілісте халықты әлеуметтік қорғауды жетілдіру, сапалы, тұрақты электр, жылу энергиясымен қамтамасыз ету шаралары талқыланған.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Р.Тұңғышбаев саладағы өзекті мәселелерді және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын лицензиялауға қатысты ұсыныстарды жеткізген.

Жалпы қазір арнаулы қызмет алатын азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында кешенді шаралар атқарылуда. Бұл ретте қала әкімі әлеуметтік қамсыздандыруда жемқорлық тәуекелдеріне тосқауыл қойып, алдын алу шараларын пысықтауды тапсырды.

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті басшысы Е.С. Нұрбеков қала аумағындағы энергия таратушы ұйымдардың жұмысына, электр жабдықтары мен электр желілерінің жағдайына талдау жасады.

Бүгінде бұл бағытта да атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Жауаптыларға электр станциялары мәселелерін пысықтап, үздіксіз жылумен жабдықтау үшін қазандықтардағы электрмен жабдықтаудың резервтік көздерін қамтуда нақты тапсырмалар берілді.

Аппарат мәжілісінде халықпен тығыз байланыс орнату, өзекті мәселелерді шұғыл, сапалы шешу мәселесі көтерілді. Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында мереке күндерінде тазалық шараларын күшейту бойынша да тапсырмаларды бекітілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2203839-shymkent-akimi-apparat-mazhilisinde-mereke-kunderine-qatysty-birqatar-tapsyrma-berdi/