jitsu gif
Саясат

    "Абориген емеспіз": депутат Жаңбыршин Air Astana басшысын сынауға не себеп болғанын түсіндірді

    Еділ Жаңбыршин
    Еділ Жаңбыршин.Видеодан кадр: Youtube/Нартай Аралбайұлы

    Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин парламентте журналистерге Air Astana басшысын сынауға не себеп болғанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мен әдетте адамдармен жылы шыраймен әңгімелесемін. Ал енді мен ғана емес, басқа да депутаттар тарапынан сын айтылып жатқан уақытта оны елемегендей сыңай танытуға болмайды деп есептеймін. Қандай қызметте отырғанын ұмытпау уерек. Біз осы мәселемен (жолаушылар жағдайын жақсартуды) жүйелі түрде айналысамыз.

    Депутат Мұсабаев екеуміз алғаш рет әуе рейсінің кешіккені үшін өтемақы төлеуді енгіздік. Кешіккен әр сағат үшін 3 пайыз. Оның бәріне де қатысы бар. Жолаушылар осы механизмді қолданып жүр. Өзім де соған жүгіндім.

    Олар манипуляциямен айналысудың, әлеуметтік желілерде кешегідей депутаттарды сынайтын пиар-акция ұйымдастырудың орнына, жағдайды жақсартуды қолға алсын", - деп мәлімдеді депутат.

    Свежая публикация по теме:
    Жаңа жылда Қазақстанда әлеуметтік төлемдер қанша пайыз көтеріледі

    Естеріңізге сала кетейік, 23 желтоқсандағы үкімет сағатында депутат Еділ Жаңбыршин Air Astana қызметін сынаған. Оның айтуынша, ұшу билеттері жыл өткен сайын қымбаттап барады. Депутат сөйлеп жатқан уақытта әуе компаниясының басшысы Питер Фостердің күлік отқанын экранға шығарып көрсетті.

    "Күлмеңіз! Күлетін дүние емес. Сіз бізді адам құрлы көріп отырсыз ба? Біз Африкадағы ештеңе түсінбейтін абориген емеспіз. Бізбен ойнамаңыз. Бетімізге қарап күлуді доғарыңыз! Бұл - парламент! Біз - халық өкілдеріміз, халық сайлаған депутатпыз", - деп мәлімдеген Жаңбыршин.

    Парламент депутаттары елдегі әуе компаниялары қызметін бірінші мәрте сынап отырған жоқ. Бұған дейін мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек рейстері үнемі кешігетін немесе кейінге қалдырылатын әуе компанияларына жазаны күшейту қажет деп мәлімдеген.

    Дәл осы депутат таңертеңгі ұшақ 9 сағатқа кешіккенін айтып, әуе компаниясын сынаған.

    Тағы бір мәжіліс депутаты Ирина Смирнова фейсбуктегі парағына Алматыдан Астанаға ұшатын ұшақ 7 сағатқа кешіккенін жазған.

    "Абориген емеспіз": депутат Жаңбыршин Air Astana басшысын сынауға не себеп болғанын түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.