jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев 2026 жылы президенттік сайлау өтуі мүмкін деген қауесеттерге жауап берді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұқбатында БҰҰ бас хатшысы қызметіне тағайындалу және келесі жылы президенттік сайлау өтуі мүмкін деген қауесетке қатысты жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Ана тілі" газетіне берген көлемді сұқбатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысы лауазымына тағайындалуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді.

    Сұқбат барысында "Ана тілі" газетінің бас редакторы Ерлан Жүніс мемлекет басшысынан 2026 жылы БҰҰ-ға жетекшілік ету жоспары, соған байланысты елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтетіні туралы әлеуметтік желіде тараған қауесеттердің рас-өтірігін сұраған еді.

    "Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдерістердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын. Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2011-2013 жылдар аралығында БҰҰ бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы қызметін атқарған болатын.

    Тоқаев 2026 жылы президенттік сайлау өтуі мүмкін деген қауесеттерге жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.