jitsu gif
Саясат

    Орталық сайлау комиссиясы мәжілістің жаңа депутатын тіркеді

    Асылбек Нұралин
    Асылбек Нұралин. Фото: election.gov.kz

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мәжілістің жаңа депутаты – Асылбек Нұралинді тіркеу туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутатының бос мандаты "ҚХП" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұралин Асылбек Жамашұлына берілсін. Нұралин Асылбек Жамашұлы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып тіркелсін", - делінген ресми сайтта жарияланған ОСК қаулысының мәтінінде.

    Сондай-ақ Нұралинге арнайы куәлік пен төсбелгі табысталды.

    Орталық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталатынын еске салды.

    Айта кету керек, бұған дейін Асылбек Нұралин Қазақстан тау-кен металлургия кәсіподағының төрағасы қызметін атқарған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.