jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда жемқорлардың жария тізілімі жасалады

    Қалтасына ақша салып тұрған адам
    Қалтасына ақша салып тұрған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы аясында елімізде жемқорлардың жария тізілімі жасалатыны айтылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мәжілістің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Профилактикалық құрал қызметін атқаратын жемқорлардың мемлекеттік тізілімі енгізіледі. Оның негізгі мақсаты – қоғамдық мін тағумен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ хабарламада тізілімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер болатыны айтылған. Олар оған соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі негізінде енгізіледі. Ал ақтау үкімінің заңды күшіне енуі және соттылығының жойылуы негізінде алынып тасталады.

    Тізілімді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді және ведомствоның веб-сайтында жалпыға қолжетімді болады.

    Айта кетейік, Қазақстанда пара беруді талап еткен, уәде берген немесе ұсынған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін жазған едік.

    Қазақстанда жемқорлардың жария тізілімі жасалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.