jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Ермек Сағымбаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Ермек Сағымбаев. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ермек Сағымбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа:

    • ведомствоның алдағы кезеңге арналған жоспары, сын-қатерлерді ескере отырып ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шешімдері туралы баяндады;
    • ұлттық қауіпсіздік органдарын перспективті дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар, жедел қызметтік іс-қимылды ұйымдастыру және оның құрылымын жетілдіру жөнінде мәлімет берді;
    • арнайы қызметті кадрлық және техникалық тұрғыдан нығайту, нормативтік-құқықтық базаны жаңғырту, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі үдерістерді оңтайландыру мен цифрландыру жұмыстары жайында айтты;
    • халықаралық терроризмге және діни экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы тұру, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны қорғау және күзету салаларындағы жағдай туралы жеткізді.

    Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

    Тоқаев ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.