jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қырғызстанда астананы ауыстыру ұсынылды

    Бішкек
    Қырғызстан астанасы Бішкек. Фото: Collab Media / Getty Images

    Жогорку Кенеш депутаты Бақытбек Марипов Бішкектегі көлік кептелісі мәселесін шешу үшін Қырғызстан астанасын басқа жерге көшіруді ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Депутаттың айтуынша, Қырғызстан астанасы Бішкекті "екі басы бар" әкім басқарса да, қаладағы түтін және кептеліс мәселесі шешілмейді.

    "Мәселені шешу үшін астананы басқа жерге көшіру керек деп санаймын. Бұны талқылау керек. Ыстықкөл жағасында салынып жатқан Асман қаласының құрылысына 10 млрд доллар инвестиция тартылып жатыр, темір жолды Бішкектің сыртына көшіру үшін 550 млн доллар, ал айналма жол құрылысына жалпы алғанда тағы 1 млрд доллар қажет. Сондықтан астананы көшіруді ұсынып отырмын. Сонда кептеліс те болмас еді", - деді Марипов Жогорку Кенештің бүгінгі отырысында.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Иран президенті Масуд Пезешкиан ел астанасын Тегераннан басқа қалаға көшіруді ұсынған еді.

    Қырғызстанда астананы ауыстыру ұсынылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.