jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Президент қолдады": Ерлан Қарин елде қабылданған тоғыз заңның ішінде қоғамда кереғар пікірлер тудырған заңға тоқталды

    Ерлан Қарин
    Ерлан Қарин. Скриншот: YouTube / Jibek Joly podcast

    Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин "Жібек жолы" телеарнасына сұхбат берді. Бір сағатқа созылған сұхбатта бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Солардың бірі - Ұлттық құрылтайда айтылған бастамаларды жүзеге асыру мәселесі. Ерлан Қарин бастамаларды орындау жолында қабылданған заңдарға тоқталып, қоғамда кереғар пікір тудырған заңның не себепті қабылданғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сұхбат барысында Ерлан Қаринге Ұлттық құрылтайда айтылған бастамалар жүзеге асырылады деген уәде орындалды ма, бастамаларды жүзеге асыру үшін тоғыз заң толықтай қабылданды ма деген сауалдар қойылды.

    "Иә. Тоғыз заңның барлығы жылдың аяғына дейін қабылданды. Бұның барлығы да өте маңызды заңдар... Оның ішінде, атап айтатын болсақ, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қамтамасыз ету бойынша заң, вейптерге тыйым салу бойынша заң, одан кейін мемлекеттік наградаларға өзгерістер енгізілген болатын... Лудоманияға қарсы бағытталған заң, вандализмге қарсы бағытталған заң, аймақтық символикаларды жүйелендіру бойынша заң, ономастика саласын орталықтандыру бойынша заң, қоғамдық наградалар бойынша бірқатар салалық атақты енгізуге қатысты заң және жаңа жылдың алдында қабылдап үлгерген ең соңғы заң - есірткіге қарсы күрес. Тағы бір оныншы заң жоспарда бар - археология саласы бойынша, ол заң жобасы дайындалып, парламентке қарауға түсті...", - дейді Қарин.

    Осы орайда Ерлан Қарин қоғамда соңғы заң бойынша не себепті кереғар пікірлер болғанын түсіндіруге тырысты. Ол "закладчиктердің" жазасын жеңілдетуге қатысты заңды қабылдау оң шешім болды деп санайды.

    "Иә, бірқатар пікірталас тудырды... Бұл жайт неден пайда болды? Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен соңғы отырысында қорғаушы Айман Омарова мемлекет басшысының алдында осындай мәселе көтерген болатын: "Соңғы уақытта есірткіге қарсы күрес жағдайында жасөспірімдер ("закладчиктер") көптеп жауапқа тартылып, олардың тағдыры бұзылып жатыр. Сол бойынша салмақты шешім қабылдау керек", - деп.

    Сол жерде мемлекет басшысы дұрыс деп қолдап, екі тапсырма берген болатын: бір жағынан есірткі өндірушілерге қатысты жауапкершілікті қатаңдату, бірақ "закладчиктерге" қатысты жан-жақты қарап, қосымша талқылау жасап, өзгерістердің мүмкіндігін қарастыру бойынша. Одан кейін біз бірнеше жиын өткіздік...

    Соңында компормистік шешім қабылданды: жаза мерзімі сәл азайтылды, бұрын қамауға алудың төменгі шегі 7 жыл болса, қазір 5 жыл, бірақ жаза мерзімінің жоғарғы шегі өзгермеді. Бұл тек алғаш ұсталғанда. Ал егер тағы қайта осы қылмыс бойынша қолға түсіп жатса, 7 жылдан 12 жылға дейінгі норма қабылданады... Меніңше бұл дұрыс қабылданған шешім", - деп түсіндірді Ерлан Қарин.

    "Президент қолдады": Ерлан Қарин елде қабылданған тоғыз заңның ішінде қоғамда кереғар пікірлер тудырған заңға тоқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.