"Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді": Тоқаев бюджет қаржысын тек аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауды тапсырды
Жарияланған күні:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
"Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс.
Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді.
Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет", - деді мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сондай-ақ президент бүгінгі үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет қаржысын барлық деңгейдегі бюджетке рационалды әрі әділ бөлудің маңызы жайлы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, тіпті ауылдық округтерге дейін қамтылуға тиіс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2215797-korpege-qarai-kosiletin-uaqyt-keldi-toqaev-biudzhet-qarzhysyn-tek-asa-ozekti-maselelerdi-sheshuge-zhumsaudy-tapsyrdy/