Саясат

Зектілері

"Тез арада батыл шешімдер қабылдау қажет": президент авиаотынға қолжетімді баға қою қажеттілігін айтты

Жарияланған күні:

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүк және жолаушылар терминалдары, логистикалық орталықтары және заманауи сервистері бар толыққанды экожүйе құру міндеті туралы сөз қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент шұғыл атқаратын шаруаның бірі ретінде еліміздің аумағында халықаралық әуе хабын құруды атады.

"Ірі әуежайларымызды бәсекеге қабілетті халықаралық хабқа айналдыру үшін тез арада батыл шешімдер қабылдау қажет.

Алдымызда жүк және жолаушылар терминалдары, логистикалық орталықтары және заманауи сервистері бар толыққанды экожүйе құру міндеті тұр. Жүк тасымалының барлық рәсімін жеңілдетіп, авиаотынға қолжетімді баға қою керек. Кейінгі мәселе өте өзекті. Өйткені біздің әуежайлардағы, атап айтқанда, Астана әуежайындағы авиакеросиннің бағасы тым қымбат. Үкімет Бәсекелестікті қорғау ведомствосымен бірге аталған міндетті алғашқы жартыжылдықта орындауы керек.

Қазір әлемде әуемен жүк тасымалдау нарығы 140 миллиард долларға бағаланып отыр. Бұл – орасан зор мүмкіндік. Алайда бірде-бір қазақстандық авиакомпания аталған салада толық жұмыс істемейді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2215838-tez-arada-batyl-sheshimder-qabyldau-qazhet-prezident-aviaotynga-qolzhetimdi-baga-qoiu-qazhettiligin-aitty/