Саясат

Зектілері

Депутат Азат Перуашев "Штрафстан" деген сөзіне қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Азат Перуашев
Азат Перуашев: Фото: Nur.kz/Бақытжан Отарбаева

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында кей азаматтардың елге лақап ат қойып, мазақ қылуға әуестеніп бара жатқанын айтқан еді. Осы ретте депутат Азат Перуашев "Штрафстан" деп айтқан мәлімдемесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер мәжіліс кулуарында депутат Азат Перуашевтан мемлекет басшысының сөзінен кейін өзінің "Штрафстан" деген сөзіне қатысты пікірін сұрады.

"Мен мемлекет басшысының пікірімен келісемін, расында да біз өз елімізді, мемлекетімізді сыйлауымыз керек. Әсіресе шетелдік инвесторлар мен туристерді шақырып отырған кезде. Оларды не үшін шақырамыз, жамандау үшін бе, мақтану үшін бе. Әрине, преззиденттің сөзі орынды. Әрі қарай да бұл жолдан таймауымыз керек", - деді депутат.

Депутат бұған дейінгі баяндамасында жауапкершілікке тарту шарасы тәртіп бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі керек дегенін еске салды.

"Парламентте сөз сөйлеген кезде біз ресми тілді қолдануға міндеттіміз. Ол енді сабақ болады. Мына терминді пайдаланғаным дұрыс болмады, ол рас. Мойындап отырмын, бірақ негізгі көзқарасым солай қалды", - деді ол.

Еске сала кетейік, үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстанға түрлі лақап ат қоятын" қоғам белсенділері мен депутаттарды сынға алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2216172-deputat-azat-peruashev-shtrafstan-degen-sozine-qatysty-pikir-bildirdi/