jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Рамзан Қадыровтың "жоғалып кеткені" туралы желідегі ақпаратқа Шешенстан билігі пікір білдірді

    Рамзан Қадыров
    Рамзан Қадыров. Фото: Evgenia Novozhenina / POOL / AFP via Getty Images

    Шешенстанның ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев өзінің Telegram-дағы арнасында Қадыровтың "жоғалып кеткені" туралы желіде жарияланған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Дудаев Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Жаңа жыл мерекелерінен кейін ақпарат алаңынан жоғалып кеткені және ресми іс-шараларға шықпайтыны туралы ақпаратты "дұшпандардың Telegram-дағы арналары және "арандатушылар" таратқан "жалған жаңалықтар" деп атады.

    Ол шешенстандықтарға мұндай "жалған ақпараттар" үйреншікті болып қалғанын айтты.

    Дудаевтың айтуынша, Қадыров жыл басынан бері "қызметіне белсенді түрде кіріскен, барлық мәселені жеке бақылауында ұстайды", ал оның жұмысы туралы хабар "ашық ресми деректерден" түрлі платформаларда жарияланып тұрады.

    Одан бөлек, министрдің айтуынша, Шешенстан басшысы 13 қаңтардан бастап ресми демалыста. Тиісті бұйрық оның сайтында жарияланған.

    Қазіргі кезде республика басшысының міндетін Шешенстан үкіметінің басшысы Магомед Даудов атқарып отыр.

    Рамзан Қадыровтың "жоғалып кеткені" туралы желідегі ақпаратқа Шешенстан билігі пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.