jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Бір айда 91 адам ұсталды: ҰҚК қос азаматтығы бар қазақстандықтарға үндеу жасады

    Төлқұжат ұстап тұрған ер адам
    Төлқұжат ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2025 жылдың басынан өткізу пункттерінде қос азаматтығы бар 91 адамды анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған адамдардың ісі полиция органдарына берілді.

    Ал 2024 жылы мемлекеттік шекарада 1190 қос азаматтық фактісі анықталған. Құқық бұзушылықтар негізінен жақын шетел азаматтарына тиесілі болған.

    "ҰҚК Шекара қызметі заңнамаға сәйкес қос азаматтық 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға немесе әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкелетінін еске салады", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ ведомстводағылар қазақстандықтардың басқа мемлекеттің азаматтығын алуы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру үшін тікелей негіз болатынын ескертті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.