Берік Уәли ерекше челленджге қатысып, эстафетаны Аида Балаеваға табыстады (видео)
Жарияланған күні:

Қазақстан президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли "Бірге кітап оқиық" атты челендждің алғашқы қатысушысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жобаның Instagram желісіндегі парақшасында Берік Уәлидің челленджге қатысып жатқан сәтінен видео жарияланды.
Берік Уәли өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы кітапты көп оқитынын және мемлекет басшысының "жаппай кітап оқитын ұлтқа айналдыру" идеясына әр адам өз үлесін қосу керек екенін айтты.
Берік Уәли келесі оқылатын туындыға Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" романын таңдады. Ал "Бірге кітап оқиық" аманатын одан әрі жалғастырып келесі шығарманы анықтауды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ханымға ұсынды.
Жоба ережесі мынадай:
- Жобаға қатысушы әлеуметтік желі арқылы халық арасында он күн бойы талқыланған (өзіне ұсынылып отырған) шығармадан үзінді келтіреді.
- Ұнаған кейіпкері туралы өз ойын айтады.
- Келесі оқылатын кітапты анықтайды.
- Келесі оқылатын кітаптың 10 данасын жүргізушілерге сыйға тартады. (Бұл кітаптар сұрақ-жауап жеңімпаздарына тарту етіледі).
- Ол туындыдан кейін оқылатын шығарманы анықтау үшін «Бірге кітап оқиық» аманатын келесі адамға ұсынады.
- Әріптестеріне осы оқылатын кітап жөнінде өз пікірлерін әлеуметтік желіде білдіруге кеңес береді.
"Кітаппен дос болған адам дүниенің ғажабын танып біле алады. Сондықтан білімнің көкжиегін тек кітаптан ғана табатынымызды ұмытпайық. #БіргеКітапОқиық аманаты жобасынан қалыс қалмай, сізде өз үлесіңізді қосыңыз", - деп жазған жобаны ұйымдастырушылар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2217939-berik-uali-erekshe-chellendzhge-qatysyp-estafetany-aida-balaevaga-tabystady-video/